5 желтоқсан күні Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болатбек Ақшауов қоғамдық іс-шараларға белсене араласып, тәртіп сақшыларымен бірлесе бейнероликтер түсіруге үлес қосқан бірқатар маңғыстаулық жасты марапаттады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция департаментінің құрметіне ие болған 10 баланың ішінде Медина есімді 1 жастағы кішкентай сақшы да болды. Мединаның ата-анасы - полиция қызметкері болып қызмет етеді. Сондықтан кішкентай бүлдіршін де жол сақшысы болып, бейнеролик түсіруге атсалысты. Сонымен қатар бейнероликте Ақтау қаласындағы №8, 23 және 29 жалпы білім беретін орта мектептің 4-8-сынып оқушылары болды.
Марапаттау рәсімі аяқталғаннан кейін оқушыларға полиция департаментінің музейі мен жедел басқару орталығы таныстырылды. Балалар полицияның тарихына үңіліп, бейнебақылау жүйесімен қаланы бақылау мүмкіндігіне ие болды.