Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов 4-16 желтоқсан күндері аралығында ұлттық құраманың Қарағандыда өтетін оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оқу-жаттығу жиындарына Қазақстанмен бірге Куба ұлттық құрамасы да келіп қатысып жатыр. Бірлескен жиын аяқталған соң қос құрама өкілдері 17-21 желтоқсан күндері Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирінде бақ сынайды.
Еліміздің бокс федерациясының мәліметінше, Қазақстанға Куба құрамасының 9 боксшысы келген. Олардың қатарында әлем чемпионатының және панамерикалық чемпионаттың финалистері, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар көрінеді.
Алайда Бекзат Нұрдәулетовтің 15 желтоқсанда елордада өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығатыны белгілі болды. Ол ұлттық құрамадағы өзге әріптестерімен бірге 6 раундтық жекпе-жекпе жекте Ресей боксшысы Никита Зонмен шеберлік байқасады. Сондай-ақ, бокстан әлем чемпиондары Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов Нұрбек Оралбай және Ертуған Зейнулин мен Дулат Бекбауов бар.