Жастар арасында Щучинскіде өткен қол күресі спортынан ҚР чемпионатында Маңғыстау облысының құрамасы командалық есепте 3-орын иеленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ел біріншілігінде үздіктер көшін Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының командалары бастады.
Қол күресінен аға жаттықтырушы Роман Исламғалиев маңғыстаулық спортшылар 5 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде, сондай-ақ, параспортшылар арасында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде иеленгенін мәлімдеді.
Оның ішінде 55 келіде оң қол бойынша Рухани Мустафа, 60 келіде Райан Романов сол қолдан, Даулет Абдулла оң колдан, 45 келіде Гаухар Жанғазы оң қолдан және сол қолдан 1-орынға иеленіп, спорт шебері нормантивін орындады.
Ал 85 келіде Дармен Магжан сол қолдан 3-орын және Құлбош Ахмедияр оң қолдан 2-орын иеленсе, 45 келіде Нурана Мурумбаева сол қолдан 3-орынға қол жеткізді.