Маңғыстауда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімі жыл басынан – 105 296 қызмет көрсеткен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО-ға сілтеме жасап.
Ақтау қалалық МҚХО бөлімінің басшысы Жұпарбек Жарменовтің айтуынша, Маңғыстау облысы бойынша 28048 жүргізуші куәліктері беріліп, 11 ай ішінде – 1814 көлік уақытша тіркеуге алынды. Жалпы мемлекеттік қызмет көрсету саны мен сапасы бірқатар цифрлық технологиялардың көмегімен жаңарды. Мәселен, жүргізуші куәліктерін онлайн алу ЭҮП және екінші деңгейлі банктер арқылы 4812 қызмет көрсетіліп, 15%-ды құрап отыр.
Сонымен қатар жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын азаматтар «Мобильді ХҚКО» қосымшасы арқылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына емтихан тапсыруға өтініш беріп, алдын ала кезекті онлайн ала алады. Ол үшін бейнеқоңырау арқылы өтініш берсе болғаны.
- Аталған мәселеге сәйкес қолданушыға «Мобильді ХҚКО» қосымшасында «Бейне қызметті» таңдау керек. Бұл сервис қызметалушы алғашқы ақпаратты алу үшін МҚКО операторымен байланыстырады. Одан кейін клиентке мемлекеттік бажды төлеуге немесе алдын ала төленген түбіртекті ұсынуға мүмкіндік беріледі. Одан кейін клиент МХҚКО-ға бекітілген уақытта келіп, емтиханын тапсырады. Бұл жанашылдық уақыт үнемдеуге әрі МХҚО-дағы қызмет алушылар санын азайтуға көмектеседі. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлық факторларының бірі саналатын бюрократияны жоюдың тиімді құралы десек те болады,- деді Жұпарбек Жарменов.
Айта кетейік, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс күндері азаматтарды 9:00-18:00 аралығында, кезекші МХҚО сенбіде 9:00-13:00 аралығында қабылдайды. Ал өзге сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар «1414»хабарласа алады.