2022 жылдың 5 тамызында Жетібай-Шетпе тас жолының 96 шақырымында УАЗ және Toyota Prado маркалы екі көліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- УАЗ автокөлігінің жүргізушісі Шетпе ауылына қарай келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетті және Toyota Prado автокөлігімен соқтығысты, нәтижесінде екі көлік құралы да өртенді. Оқиға орнында болған ЖКО салдарынан УАЗ автокөлігінің жүргізушісі жарақат алып, бес адам зардап шекті. Олардың барлығы облыстық ауруханаға жеткізілді. Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің СДТБТ-де тіркелді.
Тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.