Тек 4 тікұшақ пен бір жойғыш ұшақ жағалау үстінен ұшып өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұған дейін таратылған ақпарат бойынша, Ақтау қаласында аты аңызға айналған ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанған Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтің туғанына 100 жыл толуына арналған әуе шеруі өтуі тиіс болатын.
"Іс-шараға Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштері әскери авиациясының тікұшақтары мен жойғыштары қатысады. Әскери ұшқыштар жоғары пилотаж әдістерін орындау арқылы өз шеберліктерін көрсетеді", - делінген хабарламада.
Нәтижесінде жағалауға келген бірнеше мың қала тұрғындары мен қонақтары тікұшақтардың тек екі рейсін және бір жойғыш ұшақты көрді. Көбісінің мұндай көріністен көңілі қалды.