Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында жыл соңына дейін Қазақстаннан әлемнің бірқатар еліне жаңа тікелей авиарейстер ашу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Марат Қарабаев ағымдағы жағдайда Қазақстан транзиттік рейстер үшін неғұрлым қолайлы болатынын хабарлады. Оның айтуынша 2022 жылы 410 мың ұшаққа қызмет көрсетілген, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 90% - ға артық.
"Халықаралық жолаушылар авиатасымалдарын дамыту үшін 2017 жылдан бастап "Open sky" режимі енгізілді, сондай-ақ жыл сайын жаңа халықаралық маршруттар ашылуда. Бүгінгі таңда халықаралық тасымалдарды 27 елде 103 авиабағыт бойынша үш отандық және 26 шетелдік авиакомпания орындайды, бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштерден жоғары", – деді министр.
Айта кетейік, жыл соңына дейін Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат, Прага және Тель-Авивке тағы тоғыз жаңа халықаралық маршрут ашылады деп күтілуде. 2025 жылға дейін Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк қалаларына рейстер ашу жоспарлануда