Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі сенсациялық істің мән-жайын айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Қалалық сотта алаяқтық жасап, бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтеннің мүлкіне алдау арқылы құқық алған (ҚК 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы) және аса ірі залал келтірген бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК 202-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы) бойынша қылмыстық іс қаралды.
- Сотталған С БҚО тұрғыны М жылқы сатып алғысы келетінін білген соң, 2021 жылдың 7-8 қыркүйегінде оған "WhatsApp" арқылы қоңырау шалып, өзінің 5 бас жылқысын 430 000 теңгеге ұсынған. Сотталған С аталған соманы «Каспи Голд» қосымшасы арқылы алды, алайда өз міндеттемелерін орындамады, бұл жәбірленушіге 430 000 теңге көлемінде залал келтірді, - деп хабарлады қалалық сотта.
Онымен тоқтамай, іскер алаяқ ағымдағы жылдың 15 қаңтарында тағы бір жәбірленуші Атырау облысының тұрғынына автотіркеу ұсынған. Сотталушы тағы да уәдесінде тұрмай жәбірленушіге 350 000 теңге көлемінде шығын келтірген.
- Сотталған С Бейнеу ауылының тұрғыны Н 20 бас жылқыны сатып алғысы келетінін білген соң, 2022 жылдың 19 қаңтарында оған өзінде жоқ 20 бас жылқыны 2 200 000 теңгеге сатуға ұсынған. С аталған ақша сомасын «Каспи Голд» қосымшасы арқылы алып, өз міндеттемелерін орындамаған, сол арқылы жәбірленушіге 2 200 000 теңге сомасында материалдық залал келтірген. Сонымен қатар сотталған С 2022 жылдың 3 ақпанында «LOTO CLUB» ғимаратына бензин құйып, оны өртеп жіберді. Нәтижесінде зардап шегуші ғимарат иесіне 9 798 525 теңге және клуб иесіне 17 320 714 теңге көлемінде залал келтірді, - делінген таратылған хабарламада.
Нәтижесінде прокурор айыптауды толық көлемде қолдай отырып, С-ға 6 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер залалдың өтелуіне және тараптардың татуласуына байланысты олардың эпизодтары бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады. «LOTO CLUB» жәбірленушілерінің өкілдері мен ғимарат иесі соттың қалауы бойынша жаза тағайындауды сұрады.
Сот қаулысымен алаяқтықтың екі эпизодымен жәбірленушілердің арыздары бойынша іс жүргізу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.
Сот үкімімен С жәбірленуші Н-ға қатысты алаяқтық эпизоды бойынша тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Осы үкіммен С ҚК 202-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы («LOTO CLUB» эпизоды) бойынша кінәлі деп танылды және істің жеңілдететін мән-жайларын (кінәні мойындау, асырауында 4 кәмелетке толмаған бала мен жүкті әйелінің болуы) ескере отырып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, жаза шартты түрде тағайындалды.