Қала ішінде мопедтер мен скутерлердің иелеріне жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынады. Мамыр айының басынан бастап ғана айып тұрағына 40-тан астам мопедтер қойылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Патрульдік полиция қызметкерлері негізгі құқық бұзушылар жасөспірімдер мен жастар болып отырғанын атады.
Мопед жүргізушілері көбінесе жол ережесінің 24-тармағын бұзады. Көлік құралдарын айыппұл тұрағына қоюдан басқа, құқық бұзушыларды әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабының 1-бөлігіне сәйкес екі АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге мәжбүрдейді. Жол ережелерін бұзудан бөлек, жүргізушілер қорғаныс құралы ретінде дулыға кию қажеттілігін жиі ұмытады.
- Мопед жүргізушілері үшін біз бейнеролик дайындадық. Әлеуметтік желілерде мопед жүргізушілеріне арналған жадынама ретінде таратқанымызға қарамастан олар әлі де ережелерді бұзуын доғарар емес. Мысалы, олар екінші немесе үшінші жолақпен жүреді, бірақ олар үшін тек оң жақ жолақпен жүруге рұқсат етілген. Сондай-ақ, қиылыстарда мопедтерге солға бұрылуға тыйым салынғанын есте ұстаған жөн. Бағдаршамның қасына тоқтап, жаяу жүргінші сияқты жолды кесіп өту керек, - деді Ақтау қаласылық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының командирі Нұрбол Қожбанов.