Маңғыстау облысы аумағында 15-25 мамыр аралығында пробация есебінде тұрған сотталғандарды тексеру бойынша "Есептегі тұлға " республикалық профилактикалық іс-шара өтті. Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Пробация қызметі есебінде тұрған 1000-нан астам сотталғанның тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
10 күн ішінде белгіленген тәртіпті бұзудың 35 дерегі анықталды.
- Пробация қызметкерлері барлығына жазаны бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы ескерту жасады, - деді Маңғыстау облысы ҚАЖД пробация қызметін басқару бөлімінің басшысы әділет подполковнигі Дидар Есенғұл.
Сотталғандардың бас бостандығын шектеуді өтелмеген жаза етіп сот тағайындайды. Қызметкерлер тұрғылықты жері бойынша сағат 19.00-ден 08.00-ге дейін болу кестесін белгілейді. Күнтізбелік кестені бұзғаны үшін екі рет ескертуден кейін есепте тұрғандардың істері сотқа жолданады.
- Сот үкіміне сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрғандар оқудан және кешкі уақытта жұмыстан бос уақытында тұрғылықты жерінде болуы керек. Егер инспекторлар тексеру кезінде сотталғандар орнында болмаса, келесі күні олар жазбаша түсініктеме беру үшін бөлімге шақырылады, біз сол жерде ескерту жасап, олардың қандай бұзушылықпен бетпе-бет келгенін түсіндіреміз. Екі ескертуден кейін материалдар бас бостандығын шектеуді жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеумен ауыстыру туралы шешім шығаратын сотқа жіберіледі, - деді әділет подполковнигі Дидар Есенғұл.
Тексеру нәтижесінде сотталғанларғс қатысты материалдар сотқа жолданып, қазіргі уақытта 5-і қанағаттандырылды.