Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық медицина және фармацевтика қызметін бақылау департаменті басшысының м.а. Нұрсұлу Мұхамбетярова айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Спикердің айтуынша, департамент тарапынан күнделікті короновирустық инфекцияның алдын-алуды жоспарлау мақсатында қажетті дәрілік заттарға
мониторинг жүргізіледі.
- Көтерме сауда қоймаларда қызу түсіретін, қан сұйылтатын және антибиотиктер, С дәрумені, гормональды дәрі-дәрмектердің және медициналық бетперделердің екі айлық қоры бар. Дәрі - дәрмектердің көтерме саудасымен айналысатын қоймалар әр тұрғынның қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттарды қалалардағы, аудандардағы және ауылдардағы дәріханалар арасында біркелкі таратады,- деді Нұрсұлу Мұхамбетярова.
Маңғыстау облысында жоғарыда аталған көтерме қоймалардан басқа ірі кәсіпкерлер аудандардың, ауылдардың дәріханаларын дәрілік заттармен қамтамасыз ете алады. Бүгінгі күні дәріханаларда жағдай тұрақты және екі айлық қажеттілікті қамтамасыз етілген.