Өңір бойынша 26 емханада ревакцинация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 105 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаззат Есенғалиеваның айтуынша, ревакцинация КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі.
-Ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап облыста КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Маңғыстау облысы бойынша ревакцинацияға жататын адамдар саны – 144 274, оның ішінде ревакцинациямен – 105 118 (72,8%) қамтылды. Қайтадан ревакцинациялауға жататын адамдар саны – 12 934, оның ішінде қайта ревакцинациялаумен – 7 489 (57,9%) қамтылды,-деді Лаззат Есенғалиева.
Айта кетейік, ревакцинацияны Медицина қызметкерлері; медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы; күш құрылымдарының қызметкерлері; педагогтар; пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті; 50 жастан асқан адамдар алу керек.
Спикер облыс тұрғындарын ревакцина алуға шақырды.
-Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары мен қала қонақтары. ҚР-ның 12 жастағы және одан асқан кез келген азаматы қазір қолданыстағы «Синовак вероселл»; «CoronaVac»; «Хаят вак» вакциналарын пайдалана отырып, вакцинация немесе ревакцинация ала алады. Вакцинация мен ревакцинацияны кейінге қалдырмаңыз, өзіңізді және жақындарыңызды коронавирус инфекциясынан және оның салдарларынан қорғаңыз,-деді Лаззат Есенғалиева.
Ал, вакцинаның 1 компонентімен 281 038 адам (72,4%), 2 компонентімен 273 687 адам (70,5%) қамтылған.
Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Мадина Рахметованың мәліметінше, өткен 2 аптада (19.07.–01.08.22ж. аралығында) короновирус инфекциясын 375 адам жұқтырғаны анықталды. Ал, (02.08. - 15.08.22ж. аралығында) 454 жағдай тіркелді. Көрсеткіш алдыңғы аптамен салыстырғанда 79 жағдайға немесе 1,2 есеге өсіп отыр.