Биыл колледжде оқуға жергілікті бюджетпен қатар республикалық бюджеттен 2000 орын бөлінді. Қазіргі таңда облыс бойынша 25 колледжде 10 бағыт бойынша қабылдау жүріп жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы білім басқармасының бөлім басшысы Жания Сармурзина айтты, - деп хабарлады mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, 25 маусымынан бастап оқуға құжат қабылдау жүргізілуде. Құжаттарды қабылдау процесі автоматтандырылды. Құжаттар қағаз жүзінде abiturient.kz ақпараттық жүйесі арқылы тіркеледі. Құжат қабылдау: жұмысшы, орта буын және прикладной бакалавр жүргізілуде.
- Конкурсқа өтініш берген кезде оқуға түсушілер бірден төрт мамандықты және төрт колледжге дейін оқыту тілін, білім деңгейін таңдай алады. Конкурс талапкерлердің білім туралы құжатына (аттестатына) сәйкес міндетті және бейінді пәндердің орташа конкурстық балына автоматты түрде бөлу арқылы өткізіледі. Жұмысшы мамандықтарына тапсырған талапкерлер әңгімелесу арқылы конкурсқа қатыспай колледжге тікелей қабылданады. Педагогикалық, медициналық және өнер мамандықтарына арнайы және шығармашылық емтихан, психометриялық тест тапсырады немесе әңгімелесу өткізіледі. Оны колледждердегі қабылдау комиссиясы жүргізеді. Мемлекеттік тапсырыс бөлінген колледждердің мамандықтарымен тізімі Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайтында және колледждер сайтында орналастырылға,-деді Жания Сармурзина.
Конкурс қортындысы ресми интернет-ресурстарда ақпараттық жүйе арқылы жарияланады.
Спикердің мәліметінше, өткен оқу жылына қарағанда биыл квота категориялары кеңейтілген.
- Квота 9 категория бойынша беріледі. 5% көп балалы аналар, 1% толық емес отбасы балалары, бала кезден мүгедек балалары бар отбасылары, 1% I және II топтағы мүгедек балалар. Егер талапкерлердің аттестаттағы ұпай саны тең болған жағдайда категория квотасы қарастырылады,-деді Жания Сармурзина.
Биылғы оқу жылында жергілікті бюджетпен қатар республикалық бюджеттен 2000 орын бөлінген. Сонымен қатар, кәсіпорындардың сұранысына сәйкес жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі.
Колледждерде қабылдау комиссиясы жұмыс жасайды. 57-12-39 телефондарына хабарласуыңызға болады.
Колледжге түсу үшін қандай құжаттар қабылданады?
1.Құжаттарды қабылдау туралы өтініш жазылады. Егер талапкер кәмелет жасқа толмаса ата-анасы немесе заңды өкілі жаза алады.
2. Білімі туралы құжат Мектеп бітіргені туралы атестат (түпнұсқа).
3. 3*4 сурет 4 дана.
4. 075У Медициналық анықтамасы.
Егер мүгелдек болса№ 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы
Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі 250 талапкерді оқуға қабылдайды. Қазір құрылыс саласы бойынша орындар бар. Талапкерлер колледжге оқуға түсу үшін емтихан тапсырмайды. Колледжге оқуға қабылданғандар мемлекет есебінен тегін оқытылып, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі. Белгіленген мамандықтар бойынша колледжге оқуға түсу үшін Жаңаөзен қаласы Коктем шағын ауданы 9 ғимаратқа келуіңізге болады.
Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледж 9 мамандық бойынша қабылдап жатыр.