• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сенбi, 13 Шілде 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда өзін-өзі атқан инкассаторға қатысты “Halyk Инкассация” мәлімдеме жа...

Қарақияда теңіз суын тұшытатын зауыт құрылысы қарқынды жүріп жатыр...

Маңғыстаулық спортшы дзюдодан Еуропа кубогында жүлдегер атанды...

Кеңес Орақов «МАЭК» ЖШС бас директоры болып тағайындалды...

Бейнеуде жаңа автобустар пайдалануға берілді...

  • USD: 475.03 ₸
  • EUR: 517.21 ₸
  • RUB: 5.44 ₸

Ақтауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтті

[ 2023 ] 31 мамыр, 22:43  |  Маңғыстау жаңалықтары

31 мамырда Ақтаудағы “Достық үйінде” Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның ашық отырысы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz

Отырысқа Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, саяси қуғын-сүргін құрбандары мен жер аударылған халықтардың ұрпақтары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам белсенділері, ақсақалдар, студенттер, мектеп оқушылары, БАҚ өкілдері, сондай-ақ комиссия мүшелері қатысты.

Тарихи оқиғалардың кадрлары ұйымдастырушылар дайындаған бейнероликтерде көрсетілді.

Фердос Тангиева сол сұрапыл кезеңдердегі естеліктермен бөлісті.

«Біз, Ингушетия мен Шешенстан халықтары сол жылдары қазақ даласына жер аударылдық. Жолда 13 күн өткізіп қақаған суық пен аштықты бастан өткіздік. Кейбір аялдамаларда әскерилер нан мен су берді. Мен ол кезде алты жаста едім, қарным қатты ашқаны әлі есімде. Адамдар вагондарда өліп жатты, мәйіттер тіпті далаға лақтырылды, оларды өзімізбен қалдыруға рұқсат етпеді. Жерлеуге де рұқсат етілмеді. Бізді Ақмола облысына әкеп, далада қалдырды. Жергілікті тұрғындар шанамен алып кетуге келгені есімде. Біз аш-жалаңаш едік. Қазақтар бізге азық-түлік, баспанамен көмектесті. Қатты суық еді, біз блиндаждарда тұрдық, оны қолымыздан келгенше қыздырдық. Біз мұндай суық ауа-райына бейімделмеген едік оның үстіне. Адамдар отқа жағатын ағаш үшін орманға шығып кетіп, көбі қайтып оралмады. Көктемде олардың мәйіттері табылғаны есімде. Сол уақтыт қорқынышты, адам төзгісіз кезең болды. Әкемді алып кетті, кінәсі жоқ адам еді. Өмірінің 96 жылында алты рет репрессияға ұшырады. Мен осы орайда жастарға үндеу тастағым келеді - сендер бақытты өмір сүріңдер, мұндай қайғылы оқиға ешқашан қайталанбасын деп», - деді Фердос Тангиева.


Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев өз сөзінде Қазақстан халқы осы күні саяси қуғын-сүргінге ұшыраған миллиондаған отандастарымен қатар жер аударылған бейкүнә жандарды естелікпен еске алатынын атап өтті.


– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық комиссия құрылып, арнайы жоспар бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, осы жұмыстарды үйлестіруге бағытталған жұмыс топтары бар. Қазақстанға күштеп қоныс аударған көптеген халықтар қиын жылдарды, қиын кезеңдерді бастан өткерді. Ол кезде қазақтың өз өмірінде қиындықтары болды. Бірақ сонымен бірге олар адамгершіліктің ең озық үлгісін танытып, қолдау көрсетіп, ризығы мен баспанасын бөлісе білді. Біз сол сұрапыл кезеңдердің куәгерлерінің естеліктеріне куә болдық, олар бүгін бізге бұрылып, болашақтың жарқын болуын, басынан өткен қиыншылықтардың қайталанбауын тіледі. Бұл – халықтар даналығы. Халқымыз өзіне қауіп төнсе де өзгені жылытуға, тамақтандыруға күш тапты. Бүгінгі таңда тарихтың қасіретті беттерін ұмытпау, Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін қандай баға берілгенін білу және есте сақтау маңызды», - деді Нұрлан Ноғаев.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Қазақстанда 1997 жылдан бері аталып келеді. Қазақстанның көрнекті ғылым және мәдениет қайраткерлері – Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышпаев, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин және т.б. репрессияға ұшырағаны тарихтан белгілі.

– Кінәсі дәлелденбестен, адамдарды тұтқындап, лагерьге жіберді. Мыңдаған отбасы осылайша жойылды. Бірер айдың ішінде «Отанын сатқандардың» әйелдерінің барлығы дерлік ұзақ жылдарға мәжбүрлі еңбекпен түзеу лагерлеріне сотталды. Олар ұсталған кезде әйелдердің кейбірі жүкті болған, ал көбісі балаларымен әкелінген. Түрлі деректерге сүйенсек, 30-шы жылдардың басында 3 миллионға жуық қазақстандық жаппай ашаршылықтың құрбаны болды, 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы атылды. Осылайша халықтардың қоныс аударуы 40-жылдардың соңына дейін жалғасты. Біздің қасиетті борышымыз – қуғын-сүргінге ұшырағандардың ерліктерін көздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу, олардың қайсарлығын дәріптеу, сенімінің беріктігімен рухтандыру. Бұл – біздің замандастарымыздың өмірін қолдап, байыта алатын ұлы мемелекеттің рухани әлеуеті, – деді Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті гуманитарлық ғылыми-зерттеу институтының директоры Киікбай Жаулин.

Комиссия жұмысына белсене қатысқаны және мұрағат материалдарын іздестіру, анықтау және талдау үдерісіндегі жемісті еңбегі үшін Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия мүшелеріне, сондай-ақ ғалымдарға, зерттеушілер мен сарапшылық топтар өкілдері Маңғыстау облысы әкімінің атынан алғыс хаттармен марапатталды.

664
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

ҚМГ басшылығы "БерӘлі Маңғыстау Company" ЖШС бұрынғы қызметкерлерінің жұмысқа орналасу ұсыныстарынан бас тартуына түсініктеме берді

Келесі жаңалық

1 маусымға арналған ауа райы

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

    [ 2021 ] 29 маусым, 14:20
    4226

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    4416

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    4084

    "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

    [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
    3393

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    3401

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    4365

    Рубрикалар

      ЖарнамаРедакция газеттеріанонсТағайындауАшық қоғамМаңғыстау жаңалықтарыТүпқарағанЖаңалықтарҚұқықДенсаулық

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстау облысындағы бес ауданның шекарасы өзгереді

    Кеше 18:05
    256

    «Игі істер марафоны»: Маңғыстау жастары сенбілікке шықты

    Кеше 15:32
    189

    Жаңаөзенде 83 көпбалалы анаға алтын және күміс алқа табысталды

    Кеше 15:30
    179

    “МАЭК”: Ақтауда ауыз су деңгейі тұрақталды

    Кеше 14:33
    207

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ақтауда террористік актінің қалай жолы кесілгенін айтып берді

    Кеше 13:55
    179

    Маңғыстауда айтыс ақындары мен дәстүрлі өнер өкілдері арасында республикалық командалық айтыс өтеді

    Кеше 13:01
    201

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»