© Pavon.kz
Бүгін қала әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов көпбалалы аналарды қабылдап, оларға салтанатты түрде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерін табыстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп.
Төсбелгілерді тақпас бұрын Жаңабай Үсембайұлы ананың, әйелдің қоғамдағы орны туралы айтып, барлық нәзікжандыларды бүгінгі салтанатпен құттықтады.
– Көпбалалы ана – бұл мемлекеттің алтын діңгегі. Қоғамда көпбалалы аналарға көрсетіліп жатқан қамқорлық жыл санап артып келеді. Сіздермен өмір басталады. Сіздер барда, әлем бар. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін ақ жаулықты аналар, оның ішінде көпбалалы қыз-келіншектер көп болғай, - деді өз сөзінде.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 20 маусымдағы №582 Жарлығына сәйкес Жаңаөзен қаласы бойынша 83 анаға алқа табысталды.