Маңғыстау облысында «Игі істер марафоны» аясында «Экология» апталығы басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Апталықтың алғашқы күнінде Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Мұнайлы аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Таза Like» сенбілігі өтті. Шараның мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тазалық жұмыстарын жасап, қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға шақыру.
Сенбілік Атамекен ауылы «Өлі көл» полигонында өтті. Шараға 150-ге жуық жас қатысты және онға жуық техника жұмылдырылды. Жоба барысында Мұнайлыдан 45 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Айта кетейік, «Игі істер марафоны» 9-14 шілде аралығында ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің тапсырысы негізінде орындалып жатыр.