"Halyk Инкассация" ЖШС өкілдері Ақтауда өзіне қол жұмсаған инкассаторға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бірқатар БАҚ-та жарияланған ақпаратты қалалық полиция басқармасы растаған еді. Қазіргі уақытта қайғылы оқиға болған "Halyk Инкассацияда" жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты компания тергеу аяқталғанға дейін істің мән-жайы жария етілмейтінін айтты.
"Halyk Инкассация" ЖШС және Halyk Bank марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
Айта кетейік, бұған дейін 42 жастағы инкассатор 10 млн теңгені алып, «Halyk Bank» жертөлесіне жасырынып, сосын өзін-өзі атқаны туралы хабарлаған едік.