Арнайы жұмыс тобының қызметі жалғасып жатыр, топ мүшелері мұнай сервис кәсіпорындарын тексеріп, қаланың еңбек ұжымдарымен және кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер өткізеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазіргі уақытта «Өзенмұнайгаз» АҚ-тың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру жөніндегі жұмыс аяқталуға жақын, аралық қорытындылар шығарылып жатыр.
Анықталған сәйкессіздіктер бойынша комиссия кейбір қызмет түрлерін, оның ішінде ұңғымаларды жерасты жөндеу, көлік қызметтері және т.б. қызметтерді одан әрі тексереді.
Одан бөлек, алдағы екі аптаға жауапты мамандарды тарта отырып, мердігер ұйымдардың еңбекақы төлеу, әлеуметтік төлемдер, қауіпсіздік техникасын сақтау шарттарына инспекция жүргізу жоспарланған.