• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 479.38 ₸
  • EUR: 531.63 ₸
  • RUB: 5.27 ₸

Соңғы қоңырау: Бейнеуде бір мектепті екі түлек қана бітірді

[ 2023 ] 1 маусым, 11:21  |  Бейнеу

Биыл Маңғыстау облысында 7439 оқушы мектеп бітірді. Ал өңір бойынша Сарға ауылындағы Бейнеу мектеп-интернатында оқушы санына байланысты тек 2 түлек қана қияға қанат қақты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша 31 мамыр күні барлық мектептерде бекітілген кестеге сәйкес сабақ өтіп, оқу күні сынып сағатымен аяқталды.

Ал өңір бойынша 7 мыңнан астам оқушы мектеппен қоштасып, болашаққа сеніммен қадам басқалы отыр.

Жалпы, аймақ бойыгша 14 500 оқущы 9-сыныпты бітірген. Ал 11 сынып бітірген оқушылар биыл алғаш рет соңғы қоңырауды 1 маусымда соқты. Балаларды қорғау күнімен сәйкес келген ерекше мезетте түлектер тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан білім ұясымен қимай қоштасты.

Маңғыстау бойынша ең көп мектеп түлегі Мұнайлы ауданында тіркелді. Атамекен ауылындағы №7 мектепті 117 түлек бітірді. Мұғалімдердің айтуынша, мұнда алты 11-сынып болған.

Ал Бейнеу ауданындағы Сарға ауылында ең ерекше оқиға орын алды. Мұндағы Бейнеу мектеп-интернатында соңғы қоңырау соғылып, 11-сыныпты тек екі қыз бала аяқтады. Негізінен, бұл ауылда екі мектеп бар. Оның бірі Ә.Жангелдин атындағы білім ордасы болса, екіншісі Бейнеу мектеп-интернаты. Алғашқысында 350-ден астам оқушы білім алады. Ал интернатта оқушылар саны тек 100-ден асады. Мектеп басшысының айтуынша, көбі жақын маңдағы ауылдар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары.

"Биыл Сарға ауылындағы Бейнеу мектеп-интернатынан 2 түлек бітірді. Былтыр осы сыныпта көрші ауылдан екі ер бала келіп оқыған еді. Алайда 11-сыныпқа көшетін уақытта олар кетіп қалды. Себебі, дене тәрбиесі секілді сабақтар ер балалар үшін қызықсыз болды. Бейнеу мектеп-интернатында 104 оқушы бар. Оның 50-і интернатта жатады. Оқушыларға 29 мұғалім сабақ береді. Бізде 11 сыныпқа дейін оқушылар іріктеліп, тек екеуі ғана қалды. Көбі 9-сыныптан кейін колледжге түсті", - дейді мектеп директоры Айса Сағындықов.

Оның айтуынша, бір сыныпта екі оқушының ғана болуы өте қиын көрінеді. Мәселен, білім алуда бәсеке атаулы мүлдем болмайды екен.

"Оқушы аз болған жерде мүлдем өзара жарысып оқу деген болмайды. Егер сыныпта 15-20 оқушы болса, сабақ қызықты бола түсетіні сөзсіз. Ал екі оқушы болғаннан кейін оларды ынталандырып, қызықтыру мұғалімге оңай емес. Біздің биылғы түлектердің екеуі де қыз балалар. Алда өздері қалаған оқу орнына түсеміз деп отыр", - дейді мектеп басшысы.

Айта кететін бір жайт, биыл Маңғыстау облысында оқушыларға ақша жинап, мектепке немесе мұғалімдерге сыйлық жасауға тыйым салынған. Одан бөлек, шараға аниматорларды жалдап, шақыруға болмайтыны алдын ала ескертілген.

"Жалпы алдағы уақытта да балабақша мен мектептерде аниматорлармен шара өткізуге жол берілмейді. Сонымен қатар, мерекелік дастархан да жайылмайды. Түлектердің автокөлікті жалға алып, қала ішінде, табиғатқа экскурсия жасауға, қала сыртындағы сауықтыру орындарына баруына жол берілмейді, барлығы қатаң бақылауда болады. Мейрамхана, дәмхана және көңіл көтеру орындарында отырыс ұйымдастыруға рұқсат етілмейді, - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжақсы Тұржанова.

4322
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Аудан тынысы Бейнеу
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Өрттің алдын алу аса маңызды: Бейнеуде төтенше жағдай бойынша оқу-жаттығу жиыны өтті

Келесі жаңалық

Бейнеу ауданының әкімі қызметінен кетті

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Бейнеу ауданының тұрғындары лас су ішіп отырғандарын айтты

    14 маусым, 12:41
    2503

    Бейнеуде астық терминалын жандандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

    14 маусым, 09:57
    2482

    Бейнеуде «Алтын белгі» иегерлері марапатталды

    13 маусым, 14:56
    7734

    Бейнеудегі су мәселесі қашан шешіледі?

    3 маусым, 11:40
    2545

    Бейнеуде ардагерлер арасында спорттық жарыс өтті

    1 мамыр, 19:57
    3074

    Бейнеуде мектеп психологтары су тасқынынан эвакуацияланған тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр

    6 сәуір, 11:43
    3396

    Рубрикалар

      СараптамаМұнайлыСпортАНТИКОРБайланыс мәліметтеріҚоғамЖарнамаМәселеХабарландыруАнықтама бюросыҚазақстан жаңалықтары

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайындалды

    5 қыркүйек, 15:39
    2275

    Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілді

    27 тамыз, 09:38
    3002

    Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешеді

    26 тамыз, 09:57
    1033

    Жармыш ауылында 153 үйге газ желісі тартылды

    25 тамыз, 14:47
    1094

    Нұрдәулет Қилыбай “Онды бағының” жай-күйімен танысты

    25 тамыз, 13:10
    2983

    Үштаған ауылында полиция пункті ашылды

    25 тамыз, 13:09
    1084

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»