Жаңаөзен қаласында 3 тамыз күні кешкі сағат 21 22 шамасында Өркен шағын ауданы №34 үйдің артындағы тас жолда «Toyota cоrolla» маркалы жеңіл көлігі «Toyota Camry» маркалы автокөлігіне жол бермей, соқтығысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Жаңаөзен қаласы полиция басқармасына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде «Toyota cоrolla» көлігінің жүргізушісі 1979 жылғы әйел адам зардап зардап шекті. Зардап шегуші Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасының травмотология бөліміне омыртқа жотасының жабық жарақаты диагнозымен жатқызылған.