Бүгінгі таңда, тұтынушылар құқығын қорғау саласы еліміздегі ең проблемалы бағыттардың бірі. Оның негізгі себебі: азаматтардың өз құқықтары мен заңды білмеулері, тараптардың шиеленістерді шешудегі қиындықтары, тұтынушылардың дауларды шешу кезінде әрекет алгоритмін білмеулері. Саланың оң нәтижелі жұмыс істеуіне ықпалдасу мақсатында бір жылдан бері тұтынушылар құқығын қорғайтын бірыңғай ақпараттық жүйе жұмыс істеп келеді.
E-tutynushy – Пайдаланушылар мен Ұйымдар арасындағы Өтініштер форматындағы өзара іс-қимылға арналған ақпараттық жүйе.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмысы заңнама нормаларын түсіндіруге және өтініштерді қысқа мерзімде қарауға бағытталған. Платформа арқылы ұялы телефон немесе компьютер арқылы кез келген тұрғын e-tutynushy.kz электрондық мекен-жай бойынша өз құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлай алады.
Тұтынушылық құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, қандай да бір құқықтық көмек алу үшін, Ақтау қаласы, 9 шағынаудан, 23 «А» ғимараты, 215 кабинеті мекен-жайында орналасқан, Маңғыстау облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне шағым қалдыруға немесе 8(7292) 43-14-34 байланыс телефондарына хабарласуға болады.