Маңғыстауда жыланның тек сегіз түрі мекендейді. Атап айтқанда, су жылан, жебе жылан, құмды жылан, өрнекті жылан, палла жылан, қабыршақты жылан, жолақ жылан және кәдімгі тұмсық жылан, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Зоолог Анна Романова жолда улы жылан кездескен кезде не істеу керектігін айтты.
– Каспий теңізінде немесе жағасында кездескен жылан қауіпті емес. Ең улы жыланның басы үшбұрышты болады. Сондай-ақ улы жыланды көз қарашығының пішіні бойынша ажыратуға болады. Улы емес жыландардағы дөңгелек қарашықтармен салыстырғанда, улы жыландарда қабақтың тік тесігі бар. Егер жылан сіздің үйіңізге кіріп кетсе - одан құтылуға тырыспаңыз. Тіпті, оған жақындамаңыз және дереу құтқарушыларды шақырыңыз. Төтенше жағдайлар департаментіне 101 телефоны арқылы хабарласу керек. Содан кейін олар өздері қажетті шараларды қабылдайды, - деп кеңес береді зоолог Анна Романова.