Бүгіннен бастап Мұнайлы ауданының тұрғындары жаңа автобуспен қатынайды. №107 Ақтау- Басқұдық-Ақтау бағытындағы маршрут 16 жаңа замануи автобуспен толықты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қоғамдық көліктердің жүру бағыты да өзгерді. Енді 22 орамның тұрғындарын да облыс орталығына жеткізеді.
- Аталған маршруттың жүру сызбасын тұрғындарға қолайлы болуы үшін Мұнайлы ауданының әкімдігі мен Маңғыстау облыстық көлік басқармасы бірлесіп, өзгертті. Қоғамдық көліктердің жүру интервалы – 15 минут, автобустарды «Infobus» қосымшасынан бақылауға болады, - делінген хабарламада.