Ұйымдастырушылар қоғамдық тыңдауға 10 литрлік 100 шелек әкелген. Олар осылай 1 текше метр судың көлемін және ауыз суды үнемдеу қаншалықты маңызды екенін түсіндіргісі келді. Қоғамдық тыңдауда MAЭК кәсіпорыны ұсынатын тарифтер жарияланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кәсіпорын стратегиялық тауарлардың бағасының өзгеруіне, сондай-ақ әкімшілік және өндірістік персоналдың жалақысын өзгертуге байланысты ауыз су үшін тарифтерді көтеру туралы өтініш берді. Кәсіпорынның бас директорының айтуынша, ауыз суды өндірудің құны нақты белгіленген бағадан асып түседі. Бірінші себеп - орташа есеппен 14-15 пайызға дейін жанармай (газ) бағасының жыл сайынғы өсуі болы отыр.
«Бұл құрамдас инвестициялық бағдарламаға және бекітілген бес жылдық тарифке қосылмаған. Жыл сайын ауыз суды өндіруге арналған тарифтік құрамдас бөлікте негізгі болып табылатын химиялық реагенттердің, материалдардың, отынның және жанармайдың бағасы да өседі. Сондықтан біз тарифті өзгертуге өтініш беруге мәжбүр болдық», - деді МАЭК бас директоры Қайрат Рахимов.
Тарифтің 50 пайыздан астамы ауыз суды өндірудің өзіндік құны, 17 пайызы - жалақы қоры, 12 пайызы шикізат пен материалдар, 13 пайызы басқа шығындарды құрап отыр. Кәсіпорын басшысының айтуынша, MAЭK-тің жалпы шығыны бүгінде 5,6 миллиард теңге болды.
Жөндеу шығындарын қоспағанда, келесі тарифтерді белгілеп ұсынды (барлық тарифтер ҚҚСсыз). Қолданыстағы тариф тұрғындар үшін 134, 82 теңге - ұсынылған - 202, текше метрге 23 теңге. Басқа тұтынушылар үшін - 261,52 теңге - бір текше метрге 500, 71 теңге ұсынылады. Бюджеттік ұйымдар үшін - 259,84 теңге - бір текше метрге 597, 50 теңге. Жөндеу шығындарын ескере отырып тарифтерді қарастыратын болсақ, тұтынушылар үшін текше метрге 368,97 теңге, бюджеттік ұйымдар үшін текше метрге - 715,73 теңге.
Облыс әкімінің бірінші ооынбасары Жұмабай Қарағаевтың айтуынша, бүгінгі таңда аймақтағы ауыз су тапшылығы тәулігіне 77 мың текше метр, ал Ақтау қаласында тәулігіне 12-15 мың текше метрді құрайды. Барлық қабылданған шаралардың нәтижесінде Ақтау тұрғындары жазда су тапшылығын сезінбейтінін атап өтті.