Ақтауда 8 көпбалалы анаға «Күміс алқа» төсбелгісі табысталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері 41 көпбалалы ана «Алтын алқа», ал 114 көпбалалы ана «Күміс алқаға» ие болды. Шараға қала әкімінің орынбасары Нұртас Сали қатысып, аналарға «Күміс алқа» төсбелгісін табыстады.
- Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Бұл сөздердің астарында үлкен мән жатыр деп есептеймін. Тек қана баланы дүниеге әкеліп қана қоймай, сіздер қоғамға жауапкершілігі мол азаматты тәрбиелейсіздер. Ол азамат ертеңгі күні мемлекет пен қоғамның дамуына өз үлесін қосатын болады. Өскелең ұрпаққа беріп жүрген тәрбиеңізге алғысымды білдіремін, - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали.