Аталған көрсеткішті 2020 жылмен салыстырғанда 22 мың адамға өскен. Яғни, жалпы халықтың 37,4%-ын құрайды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, 145 мыңға жуық адам ауылдық жерде шұғылданады.
- Мұндай өсім облыста жаңа спорт нысандарының ашылуы, бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүргізіліп жатқан мемлекеттік спорттық тапсырыстармен және әлеуметтік жобалардың орындалуымен қамтамасыз етілді. 2021 жылы өңірде 48 спорттық инфрақұрылым нысаны пайдалануға берілді. Соның ішінде 46 нысан жеке инвестициялар есебінен салынды. Осы орайда өңірдің спорт саласының дамуындағы жеке кәсіпкерлердің үлесін ерекше атап өткім келеді. Нәтижесінде облыс бойынша спорт нысандарының саны 775-тен 823-ке жетті, оның ішінде 345-і - ауылдық жерлерде", - деді басқарма басшысы Қанат Жұмабаев.
Биыл 30 спорт нысанын халық игілігіне беру жоспарланған. Сонымен қатар бұқаралық спортты дамыту аясында сәуір айынан бастап Ақтауда «Қолжетімді спорт» жобасы басталып, қала тұрғындары үшін скандинавиялық жүріс, жүгіру, каратэ, үстел теннисі, фитнес тегін жүргізіліп жатыр.
Жалпы, 2025 жылға дейін бұқаралық спортты дамыту мақсатында, өңірде 100 спорт алаңы, 10 спортзал және 4 спорт кешен салу жоспарланып, нәтижесінде халық тұрғындарының спортпен шұғылдануын 50%-ға жеткізу үшін тиісті шаралар қабылданбақ.
Спикер өңірде болатын спорттық шараларға да тоқталып өтті. Биыл 1500 спорттық іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. Оның ішінде, халықаралық және республикалық деңгейде 50-ге жуық шара бар. Бұл шараларға 152 000 адамды қамту арқылы, спортпен шұғылданушылар санын 305 620 адамға, яғни 41,3%-ға жеткізу жоспарлануда.
- 6 мамыр күні қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеу «Маңғыстау барысы» облыстық турнирі өтеді. 23-28 мамыр айында Жаңаөзен қаласында облыстық «VII Халық ойындары» өтеді. Бұл маусым айында өтетін Қостанай облысында өтетін республикалық жарысқа іріктеу кезеңі. 21-25 маусым аралығында Түпқараған ауданында облыстық «Ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындары» өтеді. Шілде айында өтетін Алматы облысы, Талдықорған қаласында өтетін республикалық жарысқа іріктеу кезеңі болып табылады. Жыл басынан бастап 215 спорттық шара өткізіліп, оған 39 мыңнан астам адам жұмылдырылды,-деді Қанат Жұмабаев.