Маңғыстау облысы Боранқұл кен орнындағы жатақханада өрттен 2 адам қайтыс болып, 2 адам ауруханаға түсті, қалғаны көрші жатақханаға көшірілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Өртенген жатақханада 10 адам болған. Екеуі көз жұмды, 2 адам ауруханаға түсті. Қалған 6 адам өзге жатақханаға көшірілді, делінген Бейнеу ауданының әкімдігі таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бүгін түнде «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнында екі қабатты жатақханада өрт шыққан болатын.