«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында "Бейнеу" бөбекжайында инклюзивті «Intellectum» кабинеті ашылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Жалпы білім беретін мектептерге баратын ерекше балалар мамандардың уақытылы қолдауына мұқтаж болады. Осыған сәйкес ашылып отырған бұл орталық ерекше балалардың мектепке бейімделуіне мүмкіндік береді», - деді Шоқан Жаулиев.
Кабинет арнайы орталық мамандармен қамтамасыз етіліп, заманауи талапқа сай жабдықталған. Онда дарынды балалардың ой-өрісін дамытуға, шығармашылық қабілетін арттыруға септігін тигізеді.