Облыстат 285 төсек орынды инфекциялық 7 стационар қызмет жасап тұр. Бүгінде науқастар саны азайған. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Айгүл Баянбердиева хабарлады.
Айтуынша, стационарларда науқастар саны 24 қыркүйекте 141 адам болса, бүгінгі күні олардың саны 37 адамға азайған.
- Яғни, 2 есеге дейін төмендеді (жүкті және босанған әйелдер 3, балалар 1 ), оның 26-сы оттегі көмегімен демалуда, төсек орнының толымдылығы 13%. Реанимациялық төсек саны 36, онда 7 адам емделуде, - деді Айгүл Баянбердиева.
Облысқа жыл басынан бері 532 520 доза вакцина жеткізілді, оның 340 071 дозасы егілген. Қазір қолданыста ресейлік «Sputnik V»; «QazVac»; «Синовак вероселл»; «CoronaVac» ; «Pfizer» вакциналары бар. Пфайзер вакцинасының 35 100 дозасы бар. Қазіргі таңда 798 дозасы егілді, атап айтқанда 18 жасқа дейінгі балаларға 480, емізулі аналарға 231, жүкті әйелдерге 87 доза вакцина егілді.
Баспасөз конференциясына Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев қатысты. Оның айтуынша, соңғы аптада короновирус инфекциясы 32 адамнан анықталған.
-Тіркелген 32 жағдайдың шағыммен – 22; шағымсыз – 10 құрады. Соңғы аптада тіркелген 32 жағдайдың тығыз қарым қатынаста болғандар арасынан – 5 , өздігінен қаралғандар – 20, профилактикалық мақсатта – 7 анықталды. Ошақта қарым қатынаста болған адамдар саны – 196 құрады,-деді Ғазиз Надуев.