Ақтауда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында кәсіби шеберліктен республикалық конкурсының облыстық кезеңі басталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараның мақсаты - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының талантты, дарынды шығармашыл педагогтерін анықтау және қолдау.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы доданың облыстық кезеңі 2 модулдік бөлімнен тұрады. Теориялық және практикалық модуль.
26 қыркүйек күні басталған конкурс 30 қыркүйекке дейін жалғасады.