Бұл жайлы mangystaumedia.kz хабарлайды.
«Кеден өкілдерінен пара алу фактілері бойынша «Ақтау теңіз порты» кеден бекетінің бірнеше лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтары бойынша іс жүргізілуде. Соның бірі - топтасып алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет пара алу. Тергеу барысында кеден бекеті бастығы орынбасарының іс-әрекеті әшкере болды. Ол екі айға қамауға алынды.
Қазіргі уақытта тергеу органы істі жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.