2022 жылғы 18 қыркүйекте сағат 12:30-да Жаңаөзен қаласы ПБ 102 кезекшісінің пультіне белгісіз ер адамның қызға жыныстық әрекет жасамақ болғаны туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Облыстың ПД-не сілтеме жасап.
Шақыруға жедел-тергеу тобы шығып, оқиға орнында 48 жастағы күдікті ұсталды.
Аталған факті ҚР ҚК 121-бабы бойынша Жаңаөзен қаласы ПБ СДТБТ-де тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.