1 желтоқсан күні «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интимдік және боди-массаж қызметтерін көрсететін 28 қызды анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz МО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұсталғандар ҚР ӘҚБтК-нің 449, 492-баптары бойынша жауапкершілікке тартылды.
Жезөкшелікпен айналысу үшін тұрғын үй-жайды жалға бергені екі азамат та ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
Жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысуға үй-жайларды жалға берумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді және риэлторлық ұйымдарға ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған. Мұндай кәсіппен айналысқандарға 300 мың теңгеден астам айыппұл салынады.