Ұсталғандардың бірі – Қарағанды облысының, екіншісі – Ақтау қаласының тұрғыны, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 18 жастағы Қарағанды облысының тұрғынын ұстады.
Тексеру барысында 210 дана «альфа-ПВП» синтетикалық есірткі заты табылып, тәркіленді. Тәркіленген есірткі затының жалпы құны 6,5 миллион теңгеден асады.
Сондай-ақ 30 түп «гашиш» есірткісі тәркіленген.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен СДТБТ-ға тіркелді. Сот санкциясымен күдікті 2 айға қамауға алынды.
Сондай-ақ полицейлер 23 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Тінту кезінде МДМА (экстази) синтетикалық есірткісі бар, құны 6 миллион теңгеден асатын бір үлкен полиэтилен пакет тәркіленді. Белгілі болғандай, күдікті телеграм әлеуметтік желісі арқылы есірткі сатпақ болған.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот санкциясымен күдікті 2 айға қамауға алынды.