Полиция қызметкерлері әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері күшейтілген қызметтік міндетін атқаруда. 1-3 желтоқсан аралығында облыс орталығында 570 жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде көлік құралын мас күйінде жүргізу, көлік құралын сақтандыру полисінсіз немесе жүргізуші куәлігінсіз жүргізу, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану фактісі жиі тіркелген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Мәселен, 8 жүргізуші мас күйінде, 69 жүргізуші сақтандыру полисінсіз көлік жүргізген. Үш күннің ішінде 70 көлік айыптұрағына қойылды.