Бес қабатты 27 шағын аудандағы 74-үйде электр қалқаны тұйықталған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
ТЖД күшімен баспалдақ маршы бойынша 30 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Өрт 23. 14-те өшірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына ТЖД-нің 16 қызметкері мен 4 техника, апаттар медицинасы орталығының 3 қызметкері шықты.