«Әзірбайжан орталығы» қоғамдық қоры гуманитарлық көмек берудің тоқтағанына қарамастан, су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында 1 миллион теңгеден астам қаражат бөлді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Әзірбайжан орталығы» 3 “б” шағын ауданында орналасқан Yessenov университетінің жатақханасындағы Атырау облысынан эвакуацияланған тұрғындарға көмек көрсетті.
«Көрші облыстардағы су тасқынынан зардап шеккен адамдарға көмек қолын созуды жөн санадық. Жатақханадағы уақытша тұрғындарға 1 400 000 теңге қаражат бөліп, қажетті заттарды жеткізіп бердік», - дейді орталық басшысы Илькин Оруджов.
Қазір жатақханада 150-ге жуық адам бар, оның 50-ден астамы балалар.