Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылдық округінің жолында «Мазда» көлігі тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды. Ол сондай-ақ, 2021 жылы аудандық соттың шешімімен өмір бойына көлік басқару құқығынан да айырылған екен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (Көлiк құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдi, есiрткi және уытқұмарлық заттарды пайдаланып, масаң күйде болған адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша тiркелдi. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбады.