Жаңадан салынып жатқан үйлерден пәтер сатып аларда, тұрғындар құрылысты жүргізіп жатқан мекемеден тиісті құжаттарын сұрау қажет, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қаласы әкімдігіне сілтеме бере отырып.
БІРІНШІ ҚАДАМ - құрылыс салушының құжаттарын міндетті түрде тексеру.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу келесідей 3 тәсілдің бірі арқылы ұйымдастырылады:(«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңының 7-бабы)
- Бірыңғай оператордан кепілдік алу;
- екінші деңгейдегі банктің тұрғын үй құрылысын қаржыландыру туралы шешімі мен әкімдіктің үлескерлер ақшасын тартуға берген рұқсатының болуы;
- тұрғын үйдің қаңқасының тұрғызылуы және әкімдіктің үлескерлер ақшасын тартуға берген рұқсатының болуы.
ЕКІНШІ ҚАДАМ - құрылыс салушымен тек ғана тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартын жасасу.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарты оны әкімдікте есепке қойған кезден бастап жасалған болып есептеледі. (11-бап)
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылыс салушылармен келесідей мәміле (шарт) түрлерін жасамаңыз:
- пәтерді сатып алу - сату туралы алдын ала шарты;
- тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы алдын ала шарт;
- брондау немесе қарыз шарты;
- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартымен байланысты емес басқа да мәміле (шарт) түрлері.
Аталған шарт түрлерін жасаған жағдайда бұзылған құқықтарыңызды қалпына келтіру және кепілдеме алу мүмкіндігінен айырыласыз!
ҮШІНШІ ҚАДАМ - үлестік құрылыста орын алған қандай да бір күмәнді жағдайлар жөнінде:
- Маңғыстау облысының прокуратурасына: 42-34-10 (17);
- Ақтау қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөліміне: 50-47-09 хабарлаңыз.