Әлеуметтік желіде біраз күннен бері Тілек Көшмағамбетовты қолдаймыз деген айдармен посттар жазыла бастаған болатын. Оған себеп - бірнеше басылымда жарияланған бейнеролик пен аудан әкімі жұмыстан кетеді деген бейресми ақпарат.
Маңғыстау ауданының әкімі өзіне қатысты желіде тараған жазбаларға қатысты Фейсбук парақшасында жауап берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
“Маған қатысты алып-қашпа әңгімелерге алаңдаушылық білдіріп, қолдау көрсетіп жатқандарыңызға рахмет айтамын. Мен денсаулығыма байланысты жұмыстан босатуды сұрап өтініш жаздым. Мұндай ұйғарымға бір күнде келген жоқпын. Ұзақ уақыт ойланып қабылдаған өз шешімім бұл. Сондықтан да ардақты ағайын, дос, бауырлар, баршаңызды сабыр сақтап, түсіністік танытуға және шешіміме құрметпен қарауға шақырамын. Бұйырса денсаулық түзеліп, сәті келіп жатса елге қызмет етуден қашпаймыз. Осы жылдары маған қолдау көрсетіп, өңірдің дамуына бірлесе атсалысқан әріптестеріме, азаматтарға алғыс айтқым келеді”, - дейді ол.
Ал, Ербол Еділовтің таратқан жазбасына қатысты алдағы уақытта ақ-қарасы айқындала жатарына сенімді екенін жазды.