Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы, саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған, «Маңғыстау-Медиа» ЖШС қарасты «Жаңа өмір» газетінде 9 жыл редактор қызметін атқарған қаламгер Ұзақбай Күбірбай Жалғасұлы 74 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Ұзақбай Күбірбай Жалғасұлы 1949 жылы 2 қаңтарда Маңғыстау ауданы, Қызан ауылында дүниеге келген.1966жылы Жангелдин атындағы орта мектепті бітірген соң, 1966-1970ж.ж. Атырау педагогикалық институтының тарих бөлімінде оқиды. Еңбек жолын Жангелдин атындағы орта мектепте мұғалім болып бастап, 1974 жылы комсомол жұмысына ауысқан. 1979-1986 ж.ж. Форт-Шевченко қалалық партия комитетінің үгіт насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі, 196-1991ж.ж. Куйбышев ауылдық кеңесінің төрағасы, 1991-1992ж.ж. аудандық кеңес атқару комитеті іс басқарушысы, 1992-1993 ж.ж. аудандық әкімшілік іс басшарушы, 1993-1997ж.ж. аудандық әкімшілік, құрылыс, автокөлік, өндіріс, байланыс мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісі, 1997-2003ж.ж.аудан әкімінің аппарат басшысы, 2003-2009ж.ж аралығында аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелерде басшылық қызметтер атқарып, 2009 жылдың қыркүйек айында аудандық «Жаңа өмір» газеті редакциясы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры, бас редакторы қызметін абыроймен атқарып, 2016 жылы құрметті еңбек демалысына шықты.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де қоғамдық жұмыстан қол үзбей, Маңғыстау ауданының қоғамдық кеңес төрағасы, Маңғыстау аудандық ардагерлер кеңесі мүшесі болып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты.
Еңбек еткен жылдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10,20,30 мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен, аудан, облыс әкімінінің Алғысымен, Құрмет грамоталарымен, «Маңғыстау ауданына 90 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
К. Жалғасұлы іскер басшы, парасат пайымы мол ақылшы азамат, еліне белгілі тұлға ретінде оны білетіндердің есінде мәңгі сақталмақ.