Габдулкалиев Маулен, 1992 жылы 17 мамырда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген.
Маңғыстау облысы Туризм басқармасы басшысы.
Еңбек өтілімін 2012 жылы Маңғыстау облысы "Қазпошта" АҚ-ы нөмір 3-ші қалалық пошта бөлімшесі үйренушілер оператор қызметінен бастап, "Қазпошта" АҚ-ы ішінде жергілікті филиалдармен қатар орталық аппаратында қызмет атқарған. Маңғыстау облысынан Президентік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы:
1. Кәсіпкерлік.
- жас кәсіпкерлерге қайтарымсыз гранттар санын көбейту мен несие пайызын төмендету;
- кәсіпкерлікке несие алып, құлдырауға ұшыраған жас кәсіпкерге несиелік амнистия құралдарын енгізу;
- кәсіпкер болуға ыңталанған жастарды оқыту;
- мектеп және колледж оқушыларына бизнес менеджмент оқу әдістемесін енгізу;
- жұмыс беруші сұранысына сай, жұмыс орнында оқыту немесе мемлекеттік сертификациядан өткен, бекітілген онлайн платформалар арқылы жаңа мамандықтарды оқытуды енгізу;
- аудандарда жастар ресурстық орталығы мен Атамекен кәсіпкерлік палатасы бірлескен жас кәсіпкерлерді қолдау орталықтарын ашу;
- өңдеу, қайта өңдеу кәсіпорындарының нарыққа шығуын бірыңғай онлайн дүкен арқылы жеңілдету;
2. Денсаулық сақтау.
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қайта қарау және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша алынатын медициналық қызмет түрлерін кеңейту;
- медициналық дәрілердің баға шектігін реттеу;
- ауылдық және аудандық аурухана шеңберінде жоғары мамандырылған медициналық қызметтерді телемедицина және цифрлік технологияларды қолдана отыра қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- аудандық аурухана қызметкерлеріне біліктілігін арттыруды қаржыландыруды ұйымдастыру;
- облыстық және аудандық аурухана шеңберінде жас мамандардың медициналық зерттеу және жаңа технологияларды енгізуді қаржыландыруды ұйымдастыру;
3. Білім.
- мектеп оқушыларының оқулықтарының соңғы уақытта сын көтермейтіндігі, осы ретте мектеп оқулықтарының мазмұнын қайта қарауды қолға алу қажет;
- колледждердің жергілікті жұмыс нарығының сұранысына сай жаңа мамандықты иегеруді ұйымдастыру;
- жұмыссыз жастарды колледжді қысқа мерзімді оқу арқылы немесе қашықтықтан оқу жүйесін енгізу арқылы жаңа мамандықты алуды ұйымдастыру, сонымен қатар гранттар бөлу;
- облыс аймағындағы колледждерді жаңа инновациялық орталықтарды және лабораторияларды ашуды қаржыландыруды ұйымдастыру;
4. Туризм.
- туристік объектілерге инфрақұрылымды дамыту;
- туризм саласындағы мамандарды 3 тілде оқыту, бұлар гидтер, экскурсоводтар, сервистік мамандар, туристік полиция қызметкерлері;
- аудандар аймағында орналасқан туристік табиғи объектілерде Қазақ ауылдарын құру;
- туристік объектілерде ақпараттық және навигациялық белгілер орналастыру;
- туристік табиғи объектілерде ұялы байланысты жақсарту;
- Қарақия және Түпқараған аудандары теңіз жағалауы бойына демалыс орындарын ұйымдастыру;
- туристік цифрлік технологияларды дамыту;
- туристік объектілерді маркетингтік сүймелдеуді ұйымдастыру;
- туристік маусым кезінде қала және аудандарда мәдени шараларды туристік объектілер аймағында өткізу;
- жаңа туристік маршруттар топтамасын ұйымдастыру;
- ішкі және шетел әуе рейстер туристік маусым кезінде жиелігін арттыру;
5. Цифрландыру.
- ауылдық аймақтарда көп желілі интернет жүйесін орнату;
- облыс орталығы мен аудан орталықтарында жастар ресурстық орталығы шеңберінде цифрлік стартап орталықтарын ашу, сонымен қатар бұл бағытта кәсіпкерлікке грант беру мен қатар салықтық жеңілдіктер беру;
- Мемлекеттік мекемелердің қабылданған жоспарын, жұмысын, бюджеттік шығындарын, сонымен қатар статистикалық есебін қадағалау мақсатында халықтық мониторингтік платформасын жасақтау;
- бірыңғай әлеуметтік әмиянды қолданысқа енгізу;
- мектеп оқушыларының оқу жоспарын, сабақтан тыс уақыт жоспарын қадағалау мақсатында ата-аналар мен оқушыларға арналған мобильдік қосымша жасақтау.
- 19 атаулы әлеуметтік тауарлар түрін сататын әлеуметтік дүкенді ашу;
М.Габдулкалиевтың сайлау қорының қаражатынан төленді.