Утилизация дауы Қазақстанда әлі басылған жоқ. Халықты алдап соққан кімдер? Утилизациялық алыммен күресіп жүргендер бұл жөнінде не дейді? Төменде ҚР Парламенті Мәжілісіне Маңғыстау облысынан кандидат Салтанат Бралинаның жауабын ұсынамыз.
-Мен осы қозғалысқа қалай келдім?! Утилизациялық алымға байланысты 2019 жылы «Оператор РОПпен» үлкен мәселе туындады. Біз олардың тендерлеріне қатысып, заң бойынша утилизация мен қоқысқа берілетін субсидияны алғымыз келген. Аталған компанияның сол кездегі басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев мені тендерге байланысты заңсыз әрекетерге итермелей бастады. Дегенін жасамай бас тартып, Бас прокуратураға арыз түсірдім. «Арызды ал» деп қайта-қайта қоқан лоққы көрсетті. Сол кезде түсінгенім – мұндай алпауыт компаниямен күресу менің жалғыз өзімнің қолымнан келмейді. Осылай деп шешім қабылдап, көзқарасы бірдей адамдарды іздей бастадым. Сөйтіп, «Нетутильсбору на кабель» қозғалысын таптым. Владимир Кимнің жекесіне жаздым. Содан соң утилалымға қарсы шығып жүрген азаматтардың бірі – Тимур Жаркеновке де хабарластым. Сол жолы осы қозғалысты қолдайтындар бірігіп, алғаш рет зум арқылы үлкен жиналыс өткіздік. Шыңғыс Темір, Евгений Мухамеджанов, Нураддин Садық сынды азаматтар жиналып, осы күресті бастадық. Қазір осы қозғалыстың басшысы – Санжар Боқаев. Оның автоөнеркәсіпке қатысты роликтерінен соң оған ұсыныс жасаған едік. Соңғы 3 жылда утилалым мәселесін жаңа деңгейге шығардық деп айта аламын. Талай акциялар, митингтер болды. Утилалым 2 есеге азайды. Осы тұста бір айта кетерлігі - депутат Нұржан Әлтаевтың қайсарлығы. Депуттатар корпусынан сол ғана утилалымға қарсы дауыс берді. Сол кезде утилалым кімнің жобасы екенін біле отырып, дауыс бергендер қазір сол жүйеге қарсымыз деп жүр енді. Ал, Нұржан Әлтаев сол әрекеті үшін қиналмай-ақ креслосынан да бас тартты. Ендәгә мақсат - «Намыс» партиясын тіркету. Сайлау өткен соң бұл мәселені біз тағы көтереміз. Тек утилизация ғана емес, сонымен қатар барлық оператор, делдал мекемелердің бәрін алып тастауға шақырып, қозғалыстың ауқымын кеңейткіміз келеді, - дейді Салтанат Бралина.
ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидат Салтанат Бралинаның сайлау қорының қаражатынан төленді