Еске сала кетейік, 17.04 күні сағат 05:04-те Жаңаөзен қаласында екі кіреберісті 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдің 2-ші кіреберістегі пәтерінде жарылыс болған болатын, деп хабарлайды mangystaumedia. kz.
Болжам бойынша газ қоспасы жарылып, 150 ш.м. аумақта кіреберіс құлаған. Сағат 08-30-да үйінді астынан алты адам шығарылды. 08-30-ға дейін 13 адам зардап шекті, оның ішінде 1 мәйіт табылды, 5 адам ауруханаға жатқызылды, 7 адам үйіне шығарылды. Жарылыс салдарынан 3 пәтер зардап шекті. Тұрғын үй газдан ажыратылған. Қоқыстар тазартылуда. Себептері мен жағдайлары анықталуда. ТЖД жедел штабы мен сенім телефонын орналастырды. Жарылыс орнында жүрген аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев үйінділерді шығару жұмыстарын үйлестіруде. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері (56 л/с, оның ішінде 1 түсіру тобы және 9 техника), жергілікті атқарушы органдар (13 адам және 6 техника), СМП (12 адам және 6 техника), ДП (150 л/с және 10 техника), ҚР ІІМ ҰҚ (60 әскери қызметші және 2 бірлік техника).