Жаңаөзен қалалық ауруханасына газдан зардап шеккен 13 жәбірленуші түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ауруханаға сілтеме жасап.
Жарылыс салдарынан 1994 жылы туған бір адам қайтыс болды. Ауыр жағдайдағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендердің бірінде денесін 80 , екіншісін 50 пайызын күйік шалған. Тағы үшеуі - травматология бөлімінде. Зардап шеккендердің арасында балалар да бар, олар амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Қалғандарының жағдайы тұрақты.
Қазір оқиға орнында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жүр.