Жаңаөзенде екі қабатты тұрғынүйде болған жарылыстың себебі анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
“17 сәуір 2023 жылы сағат 04:05 шамасында Жаңаөзен қаласы, Шұғыла мөлтек ауданында орналасқан 2-қабатты үйде газдың ағуы салдарынан жарылыс болды. Осы факті бойынша Маңғыстау облысы бойынша ТЖД-мен ҚР ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды”, деді Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Қазір аталған іс бойынша облыс прокуратурасымен процестік прокурорлар тобы айқындалып, облыстық ТЖД және ПД басшыларының бірлескен бұйрығы негізінде ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру облыс прокуратурасының бақылауына алынып, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.