Әлеуметтік желілерде таратылған видеода ер адамның әріптестерінің біріне шабуыл жасап, ұрып жатқанын көруге болады. Видеода криминалдық полиция басқарма бастығының орынбасары Шынболат Дарибаев қызметкерлерін тәртіп пен заңдылықты сақтауға үйретудің орнына оларды ұрып-соғатыны айтылған. Оқиғаның қашан болғаны белгісіз.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ведомствоның кадр саясаты басқармасының жеке құрамы бойынша инспекция қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізуде.