Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылдық округі “Әл-Хаким” мешітінің бас имамы Айғабыл Дәуірханұлы өңір тұрғындарын бірлікке шақыруда.
"Елдегі ахуалды, жағдайды өздеріңіз жақсы білесіздер. Қазір Өзен оқиғасы, оның алдында болған Қаңтар оқиғасы. Елдің арасында дүрбелең пайда болып, жастар жұмыс сұраймыз деп қызуқандылыққа барып, түрлі қазу әңгімелерге еріп, елдің мазасын алып, түбі төңкеріске дейін кетіп қала жаздадық. Құдай сақтап, аман қалдық қой. Сондықтан "Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ" деген. Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын!
Рамазан айында нәпсімізге тежеу болып, еліміздің амандығын тілеп, исламдағы өз міндеттерімізді берік ұстанайық! Өскелең ұрпақтарымызға, ізімізден ерген балаларымызға: "желөкпе" болып, әртүрлі нәрселерге араласып, үкіметке қарсы шығып, елге ылаң салып, мазасын алатын мәселелерден аулақ болыңдар" деп әр уақытта ақыл-кеңесімізді айта жүруіміз керек.