Мұнай саласының ардагері Орал Қылышбаев мұнайшыларды сабырлыққа шақырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аса қадірлі Маңғыстаулық жерлестер! Өңірде болып жатқан оқиғалар мен жәйттарға бәріміз алаңдаулымыз. Ұл өсіріп, қыз өсіріп ертеңгі үмітпен қарап отырған көптің біріміз. Өткен қаңтар оқиғасы көпке бірталай салмақ салды. Жүрегімізді ауыртқаны кеше ғана. Осыларды ескере отырып, әріптес мұнайшылар қауымын, жұмыссыз жерлестерімізді сабырға шақырғым келеді. Болып жатқан мәселелерден жауапты тұлғалар тиісті қорытынды шығарып, өңірдегі түйіткілді сұрақтардың тезірек шешілу жолдарын ұсынуға мүмкіндік берейік. Дауласу оңай, жарасу қиын. Барша жерлестерімізді жарастықта болуға, сабыр сақтауға шақырамын, - деді мұнай саласының ардагері.