Ақтауда 10 сәуір күні мейрамхананың бірінде ауызашар облыс бойынша емдеу мекемелерінің дәрігерлері қатысып, бірнешеуі уланып қалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Арнайы шараған Маңғыстау облысының аудан мен қалаларынан жалпы саны 50 адам шақырылған.
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің мәліметінше, 16 адам улану белгілерімен шағымданыпты.
– Оның ішінде алты адамға амбулаторлық емге жолданды, ал 10 адам жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Науқастарда жоғары қызу, құсу, іш өту, жедел ішек инфекциясына тән интоксикация синдромы болған. Барлық қажетті шаралар қолданылып, емдеу жүргізіліп жатыр. Ешқандай қауіп жоқ, науқастардың жағдайы - тұрақты, температурасы бірқалыпты, динамикасы оң. Барлық анализдер алынып, ем қабылдауда. Шағыммен келген кезде қан қысымы төмен болған, инфузионды терапиядан кейін жағдайы жақсарды, – дейді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Гүлбану Нұржанова.